15.01.2018

Елбасы Жолдауында айқындалған міндеттер сараланып, қолдау танытылды


Елбасы Жолдауында айқындалған міндеттер сараланып, қолдау танытылды

Бүгін Маңғыстау облысының әкімдігінде аймақ басшысы Ералы Тоғжановтың қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттерді іске асыру жөніндегі шаралар туралы» актив жиналысы өтті.

Актив мәжілісіне облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық және Ақтау қалалық мәслихаттарының депутаттары, қалалар мен аудандар мәслихаттарының хатшылары, құқық қорғау органдарының, облыстық және аумақтық мемлекеттік органдар мен ірі кәсіпорындардың басшылары, ардагерлер, саяси партиялардың жетекшілері, этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жəне жастар қатысты.

Жиын барысында облыс әкімі Ералы Тоғжанов биылғы Жолдаудың негізгі 10 бағыты бойынша Маңғыстау өңірінде шешілуге тиіс міндеттерді атап өтті және нақты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.

Сонымен қатар мәжілісте бірнеше саланың өкілдері сөз сөйлеп, Елбасы Жолдауына қолдау білдірді. Солардың қатарында Маңғыстау жастары атынан сөз алған облыстық жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Абылай Фазылбек те Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын 2017 жылғы жолдауы аясында аймақтағы жастар саясатының жүзеге асырылу барысында қол жеткізілген жетістіктерді атап өтті.

-Тұңғыш Президентіміз – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дәстүрге айналған жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған жолдауы еліміздің дамуына даңғыл жол ашуда.

Біз жастар, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын 2017 жылғы жолдауындағы баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру, үш тілді білім беруге көшу секілді жаңалықтарды біз зор қуанышпен қарсы алған едік!

Бүгінде ол межелер өз жемісін беріп, біздің өңірде тегін кәсіптік білім алуға 1531 жас мүмкіндік алды. Еңбек нарағындағы жұмысшы мамандықтарға өңірлік бағдарлама арқылы 400-ге жуық жас тегін оқытылып, жұмыспен қамтылды.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен «Бастау Бизнес» бағдарламасы арқылы биылдың өзінде 350 жас оқытылып, кәсібін ашуға мүмкіндік алды.

Міне, осының бәрі Елбасы ұсынған нақты тапсырмалардың жемісі.

«Елдің табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекелік қабілетімен айқындалады».

Биылғы Жолдаудың жастар үшін маңызы ерекше.

Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының білім мен ғылымға, еңбекке, жаңа технологияларды меңгеруге бағдарлаған көзқарасы мен ой-тұжырымдары жастарды серпілтіп тастады.

          Елбасы, бізді жаңа заманға сай болу үшін төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуға шақыра отырып, қазақстандықтардың жасампаздығына үлкен сенім артып отыр.  Ал сенімнің асқан жауапкершілік жүктейтінін біз жастар, жақсы білеміз.

Еңселі еліміздің тарихы үшін орны ерекше болып табылатын - Тәуелсіздігіміздің таңы атқан жылы туылған ұрпақ өкілінің бірі ретінде жеткен жетістіктеріміз туралы мақтанышпен айта аламын.

Жарқын болашақ – тек қана өзіміздің қолымызда!

Ынтымағы мен бiрлiгi жарасқан елiмiз өкрендей берсін дей отырып, барша Маңғыстау жастарын Жолдау жүктеген міндеттерді абыроймен атқаруға шақырамын!деді Абылай Фазылбек.