БАУЫРЖАН ТҰЯҚОВ ЖҰМЫСШЫ ЖАС МАМАНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ


 

            Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Б.Тұяқов өңірдің жұмыскер жастарымен, жас мамандар Кеңесінің мүшелерімен, жастар ұйымдары өкілдерімен кездесті.

            Басшы жастарға Елбасының 2018 жылдағы 10 қаңтарда «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы жастар саясатын іске асыру, жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту туралы ойларымен бөлісті.

– Жастар – қозғаушы күш. Жастар – елдің ер¬теңі. Олардың жасампаздыққа ұмтылысы, білім шыңына өрмелеп, елге қосар үлесі – жарқын болашақ кепілі.

Бүгінде мен білімді де білікті, еңбекқор да отансүйгіш, көк туымызды желбіретіп, ел мерейін асқақтатар жастармен кездесіп отырмын.

Біз жастар – қазіргі өзгерістерге тез бейімделе білуіміз керек, сонымен қатар жаңашылдыққа жақын бола отырып, өзіміздің салт-дәстүрімізді де ұмытпауымыз қажет. Елбасы биылғы жылғы Жолдауында жастарға үлкен сенім артып алдымызға бірқатар міндеттер қойып отыр, – деді кездесуде Бауыржан Орынбайұлы.

           Б.Тұяқов жастарға өз тәжірибесімен бөлісе отырып, ел дамуына үлес қосудың маңыздылығы, әрбір жастың белсенділігі арқасында қоғамның ілгерілеуі жолында атқарылар істер, қойылар міндеттер туралы әсерлі әңгімеледі.  Сонымен бірге, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағытарың түсіндіріп өтті.

Маңғыстау облысындағы кәсіпорындардың, өндіріс орындарының жас жұмыскер мамандарын қамтитын Жас мамандар кеңесі құрылған. Кеңестің басты мақсаты – өндіріс орындарында еңбек ететін жас жұмыскерлердің басын қосып, оларды түрлі мәдени, қоғамдық іс-шараларға белсене араласуға тарту болып табылады.

Бүгінде жас мамандар кеңесі өңірде белсенді жұмыс атқаруда.

Кездесу барысында Бауыржан Орынбайұлы жастардың тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, өз ойларымен бөлісті.

               Басқосуға, сонымен қатар Маңғыстау облыстық кәсіпкерлікті дамыту және сауда басқармасының өкілі Бегіндік Мағжан қатысты. Ол Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың бастамасымен биылғы жылы өңірде іске қосылған «Нұр Капитал» бизнесті қолдау бағдарламасының бағыттары  жайында әңгімеледі. Жастар кәсіпкерлікті бастау, өркендету туралы көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оларға тұщымды жауаптар алды.

Кездесу еркін форматта, ашық әңгімелесу түрінде өтті.