Маңғыстау облысының жастар саясаты жөніндегі басқармасы
Ресми сайты

Біз қазақстандықтар - болашақтың біртұтас ұлтымыз. Осы сөз бәрін де айқындауы тиіс. Біз біртұтас халық болғандықтан этностар арасында ешқандай айырмашылық болмауы қажет. Біз өзіміздің тұрақтылық және келісім моделін дамытуда айтарлықтай табыстарға жеттік.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Маңғыстау облысында Жастар саясатының жүзеге асырылу бойынша ақпарат


 

                                                                                                                     2016 ж.

 

Жалпы, облысымызда 14 пен 29 жас аралығында 162597 жастар бар, бұл жалпы облыс тұрғындарының 26% пайызын құрайды.  Қалаларда – 74 180, ауылдық жерлерде 88 417 жас тұрады.

Бүгінгі таңда облыс жастары тарапынан ұсынылған бастамалар қолдау тауып отыр деп айтуға толық негіз бар.

Мәселен, 2016 жылы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен барлығы 293 537 000 теңге көлемінде қаражат бөлінді. (2015 жылы – 266 999 000 теңге, 2014 жылы – 214 916 000 теңге, 2013 жылы –182 480 000 теңге бөлінген).

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жастар саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 48 000 000 млн. көлемінде қаржы бөлініп, 14 жоба іске асырылып жатыр. (2015 жылы – 43,2 млн. теңге, 2014 жылы – 40,7 млн. теңге, 2013 жылы – 35,0 млн. теңге бөлінген).

 

Қазіргі уақытта облысымызда 8 жастар ресурстық орталықтары жұмыс істейді. 1-облыстық, 2-қалалық және 5- аудандық. 
 

Орталықтың басты мақсаты - барлық жастарды топтастыру, олардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің шешілуіне жәрдемдесу, жастар арасындағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақтылығын сақтау үшін тиісті шараларды қабылдау болып табылады.

 

Облыста 30 жастар ұйымдары белсенді қызмет атқарады. Барлық жоғары және техникалық және кәсіптік оқу орындарында Жастар ісі жөніндегі Комитеттер (26) жұмыс жасайды. 21 өндірістік мекемеде жас мамандар кеңестері мен комитеттері қызмет атқарады.

 

2016 жылы жұмыспен қамту органдары арқылы 5500 жас жұмысқа орналасты. Тіркелген жұмыссыздар саны – 3098 адамды құрады, оның ішінде тіркелген жастардың саны – 1491 адам.

 

 «Дипломмен – ауылға», «Жастар практикасы» және «Жасыл Ел» жобалары аясында жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында маңызды жұмыстар атқарылуда.

2016 жылы «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша ауылдық елді мекендерге 721 жас маман жұмысқа орналасты, 249 жас несие алды. 

«Жастар практикасы» жобасы бойынша уақытша жұмыс орындарына 1232 жас орналасты, 1852 жас қоғамдық жұмыстарға жолданды.

Жазғы демалыс кезінде оқушы және студент жастарды уақытша жұмыспен қамту мақсатында студенттердің құрылыс жасақтары және жастардың «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмысы ұйымдастырылды. 

 

2016 жылы облыс аумағында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жұмысын жүргізу мақсатында қалалық және аудандық бюджеттрден 19,588 млн. теңге көлемінде қаржы бөлініп, 1600 жас жұмысқа тартылды. (2015 жылы 21,333 млн. теңге көлемінде қаржы бөлініп, 1083-жас болды, 2014 жылы 19,600 млн. теңге көлемінде қаржы бөлініп, 800-жас болды).

 

Жұмысқа орналастыру мәселесін шешудің тиімді жолдарының бірі бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру болып табылады 2016 жылы облыс бойынша барлығы 47 жәрмеңке өткізіліп, 786 адам шараға қатысты.

2016 жыл басынан бері жастар арасында жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында облыс көлемінде маңызды жұмыстар атқарылды. «Жаңа серпін» өңірлік бағдарламасы бекітіліп, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен іс-шаралар жүргізілді.

 

Сонымен қоса жыл басынан бастап облыстық, қалалық, аудандық жастар ресурстық орталықтарының ұйымдастыруымен облыстағы барлық жалпы білім беру ұйымдарында, арнаулы орта білім беретін колледждер мен жоғары оқу орындарында оқушы, студенттер және қалалар мен аудандардағы белсенді жастармен кездесулер ұйымдастырылды. Аталған кездесуде Елбасының халыққа Жолдауын, ҚР «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» жаңа Заңы, «Серпін-2050» бағдарламасы және басқа да мемлекеттік бағдарламалар нақты түсіндірілді.

 

2016 жылы жастар ресурстық орталықтардың бастамасымен 3320 астам жасқа консультациялық көмек көрсетілді.

Өңірдегі жастарға байланысты өзекті мәселелерді талқылау және шешу мақсатында облыс, қала, аудан әкімдері жанында Жастар ісі жөніндегі Кеңестері жұмыс жасайды.

Сондай-ақ, өңірде 21 өндірістік мекемеде жастармен жұмыс жасайтын ұйымдар мен комитеттер қызмет атқарады, атап айтқанда: «Өзенмұнайгаз» АҚ  Жас мамандар кеңесі,  «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ Жастар кеңестері, «Жаңаөзен газ өңдеу зауыты» ЖШС Жастар ісі жөніндегі Кеңес, «Қазақтелеком» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы жанынан «Жас телеком» жастар ұйымы, «Ақтау халықаралық теңіз-сауда порты» АҚ жастар комитеттері т.с.с. Жастар ісі жөніндегі Кеңестермен жұмыс жасаудың іс-шаралар жоспары жасақталуда.

Ақтау қаласында күрделі жөндеуден кейін «Арман» жастар үйі қолданысқа берілді. Жастар үйінде жастарға арналған «Вокал», «Би», «Ән жазу» үйірмелері,  діни кеңес беру орталығы, «Рай» шұғыл әлеуметтік көмек көрсету орталығы, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының психолагтары қызмет атқарады және Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан ашылған «Жас Қанат» ұйымы, «Жасыл ел», «Жас Ұлан», «Ақтау студенттер Альянсы», «Қазақстан КВН Одағы» облыстық филиалы және т.б. жастар ұйымдары орналасты.

 

Сонымен қоса жергілікті құқық қорғау органдарымен бірлесе  жастар және жасөспірімдердің құқықбұзушылығын алдын алу мақсатында тиіст деңгейде жұмыстар атқарылуда.

Атап айтқанда, кәмелетке толмағандарға дер кезінде көмек көрсету мақсатында, облыстық ішкі істер органдарының жүйесінде 157 ювеналдық полиция қызметкерлері жұмыс істейді және 115 мектеп инспекторлары қызмет атқарады.

Мектептер жанында, ерікті топтардан құрылған полицияның жас көмекшілерінің қатысуымен 115 балалар қозғалысы ұйымдастырылды. Онда 761 мектеп оқушысы және 19 колледжден топтасқан 209 ерікті көмекшілер жұмыс істейді.    

2016 жылы білім беру ұйымдарының өкілдері ата-аналар комитеттері мен біріге 800 астам рейдтік шаралар ұйымдастырып, білім беру аумағында 80-ге жуық құқықбұзушылық анықталды. Мектеп есебінде тұрған 230-дан астам жасөспірімдер және 200-ге жуық бей-берекетсіз отбасылар тұрғылықты жерлері бойынша тексерілді.  

 

Сондай-ақ «Жас Отан» жастар қанаты облыстық білім басқармасымен бірлесе биыл өңірде Ұлттық біріңғай тестілеуден өтпей қалған 564 мектеп түлектеріне қолдау көрсету мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілді.

Жүргізілген жұмыстар аясында 564 түлектің ішінен: 439 – жас жоғары оқу орындарына, 102-сі техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарына түсірілді, 9 – жас жұмысқа орналастырылды, 1 –жас  әскери қызметін өтеуге жіберілді. Қалған 13 түлекті бос қалдырмау яғни жұмысқа орналастыру мақсатында маңызды жұмыстар атқарылуда.       

       

Жалпы, 2016 жылы басқарма тарапынан облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бағытында жастар орталықтарымен және жастар ұйымдарымен бірнеше маңызды                      іс-шаралар ұйымдастырылды, Оның ішінде, Елбасының Жолдауын насихаттауға арналған ақпараттық-насихаттық кездесулер, «Студенттік көктем-2016» жастар фестивалі, «Amal talks», «Домбыра party», «Мейірімді жүрек» мүмкіндігі шектеулі (мүгедек) жастарға қайырымдылық акциясы», «Жайдарман ойындарының Маусымашар ойындары 2016», «Жастар – Отанға» жобасының аясында «25 – ізгілікті іс акциясы», «Лекториум – 2016» еркін форматтағы жастармен кездесулер, «Мен елімді сүйемін» республикалық телекөпір, «Дін және жастар» атты тақырыбында жастармен кездесулер, «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі, «Көктем аруы – 2016» байқауы, «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» атты студент жастармен кездесу, «Сенбілік» акциялары, «Интеллект – 2016» зияткерлік сайысы,                   «Өз мамандығыңды таңда» атты мекеме басшыларының жастармен кездесу шарасы, «Ардагерлерді ардақтайық» жастар акциясы, «EXPO – 2017» көрмесіне облыс көлемінде еріктілерді іріктеу туры, «4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні» мерекесіне орай, «Менің Қазақстаным» атты мерекелік шарасы, «Нашақорлыққа жол жоқ!» акциясы), «AktauOpenFest» мәдениет және спорт фестивалі, өндірістік мекемелер жанындағы жұмысшы жастар арасында «Жігі Сұлтаны-2016» байқауы, жыл сайынғы «Жас Тұлпар - 2016» жастар премиясы, облыс әкімінің кубогіне арналған                                   республикалық «Жайдарман» ойындары, ауыл және жұмысшы жастар форумы.

Жалпы алғанда 670-ге жуық түрлі іс-шаралар (дөңгелек үстелдер, акциялар, сенбіліктер, семинарлар және т.б.) өткізілді.

 

Сонымен қатар, жастардың теріс діни ағымдарға еріп кетуін болдырмау мақсатында жастар саясаты басқармасы мамандары облыстық ақпараттық-насихаттық тобының құрамында аудандар мен қалаларда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

Бүгінгі таңда мемлекеттік жастар саясаты тағы да бір жаңа кезеңге аяқ басты. Себебі бұл салаға қатысты көптеген ұсыныстар жасалған болатын. Сол ұсыныстар іске қосылып, барлық қалалар мен аудандарда тың серпінмен жұмыс бас­тал­ды. Қа­­зір қалалар мен аудандарды айт­­­пағанда, ауыл жастарымен жұмыс іс­теу мәселесі жол­­ға қойылды.

Ауылдар мен ауылдық округтер көлемінде жастармен жұмысты сапалы үйлестіру үшін, әр ауыл мен ауылдық округте жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, қоғамдық-саяси іс-шараларға жастарды көбірек тарту үшін арнайы орталықтар құру жоспарда бар.

 

Ағымдағы жылдың 23 маусым күні облыстық жастар ресурстық орталығында облысымызда тұңғыш рет жастар ұйымдары жетекшілері мен белсенділерінің үйлестіруші Қоғамдық Кеңесі құрылды.

Қоғамдық Кеңестің басты мақсаты мен міндеті – бұл жастарды қоғамдық – саяси өмірге тарту, жастар бастамаларын қолдау, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және алдағы уақытта жастар саясатының басым бағыттарын анықтау болып табылады. Кеңестің бүгінгі таңда 2 отырысы өткізіліп, облыс жастарының өзекті мәселелері талқыланды.

 

Білім және ғылым министрлігі және ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе «Серпін» бағдарламасы Маңғыстау облысында жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда республикамыздың кейбір аймақтарында кадр тапшы. Сондықтан басқарма жастардың арасында қандай мамандар қажет екенін анықтап, облыстық білім басқармасымен бірлесе қажетті мамандарға түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасын таппақ.

 

2014 жылдан бері Қазақстандағы ЮНИСЕФ жаһандық тәуелсіз талдау орталығы – Жастар саясаты мәселелерін зерттеумен айналысып келеді. Ондағы мақсат – жас адамдардың пікірлері мен басымдықтарын барынша дұрыс түсіну, оларды саясатты әзірлеуге интеграциялау, өңірлік және аудандық деңгейде жастар саясатын іске асырумен айналысатын адамдардың әлеуетін дамыту арқылы осы үдеріске қолдау көрсету және Қазақстандағы жасөспірімдер мен жас адамдардың өмірлерін жақсарту болып табылады.

ЮНИСЕФ Жастар ғылыми-зерттеу орталығымен және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісімен бірлесе отырып, жастардың басшылығымен жастарға бағытталған зерттеу жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың шілде айында қалалық және аудандық жастар ресурстық орталық қызметкерлерімен тренингтер мен фокус-группалар өткізілді. Онда жастар ресурстық орталықтарының барлық 60 қызметкері оқытылды.

 

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы «SAMRUK-KAZYNA TRUST» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесе өңірімізде тың жобаны жүзеге асыруда.

Өздеріңізге белгілі, «SAMRUK-KAZYNA TRUST» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры Министрліктер мен мемлекеттік органдардың көмегімен әлеуметтік маңыздағы және өзекті мәселелерді шешуге бағытталған қайырымдылық жобаларын дайындайды.  Яғни, облысымызда әмбебап спорт және балалар алаңдарының құрылысы, аула клубтарын ашу және жабдықтау, жалпы білім беретін, музыкалық, көркем мектептерді спорттық құрылғылармен жабдықтау. Бүгінгі таңда спорт алаңдарының орындары анықталып, осы бағытта жұмыстар жолға қойылды.

 

Сонымен қоса ағымдағы жылдың 15-17 қыркүйек күндері аралығында Маңғыстау облысының әкімдігі, Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы және «DOMA DOMA» қоғамдық қоры Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына және Ақтау қаласының күніне арналған «AKTAU OPEN FEST – фестиваль молодежных субкультур» атты дәстүрлі ІV Халықаралық жастар спорт және өнер фестивалін ұйымдастырылды.

Фестивальдің мақсаты – заманауи жастар спорт түрлерімен қатар дәстүрлі өнер мен мәдениетін ұлықтау, салауатты өмір салтын көпшілік қауымға насихаттау.

Фестивальға Қазақстанның барлық облыстары  және шет елдерінің спортшылары шақырылды. Қазылар алқасының құрамында көрнекті қайраткерлер, танымал тұлғалар, белгілі спортшылар қатысты.

Дәстүрлі фестивальге қатысушылар жастар арасында кең тараған баскетбол, BMX, STREET WORKOUT, BREAK DANCE және ұлттық өнер түрлерінен сайыстар және MMA аралас жекпе-жек түрінен де ашық турнир, кескіндеме өнерінің әуесқойлары үшін суреттен ART фестивалі, сән үлгілерінің жанашырларына FASHION көрсетілімдері жоғары деңгейде өтті.

Сонымен қатар дәстүрлі БАҚ пен жаңа медианың сындарлы диалогын құруға арналған AMAL TALKS шарасы да ұйымдастырылды.

Үш күнге созылған бұл өнер және спорт фестивалі өңіріміздің 100000 нан астам халықын қамтып, оның ішінде 90 000-ы жастар болды.

Сонымен қатар, еліміздегі және өңірімізде болып жатқан қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына бей – жай қарамай, заңнамалық, экономикалық, қоғамдық-мәдени проецесттерді облыс тұрғындарына дұрыс жеткізу мақсатында әлеуметтік желілер арқылы жастар белсенділері түсіндірмелі-насихат жұмыстарын жүргізіп келеді.

Атап айтқанда, өткен жылы өңірдегі жастар ресурстық орталықтарының бастамасымен БАҚ, әлеуметтік жілілер                (Тwitter, Vkontakte, Facebook, Instagram) арқылы 69216 материалдар тұрақты жарияланды. Жалпы жастардың әлеуметтік желілерінде                      60000- нан астам оқырмандар (подписчики) тіркелген.

Бұл оқырмандардың саны биылғы жыл 150000-ге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. 

 

Басқарма басшысы
Руководитель
Нурдаулетов Амангали Сулейменович
Өмірбаян