Маңғыстау облысының жастар саясаты жөніндегі басқармасы
Ресми сайты

Біз қазақстандықтар - болашақтың біртұтас ұлтымыз. Осы сөз бәрін де айқындауы тиіс. Біз біртұтас халық болғандықтан этностар арасында ешқандай айырмашылық болмауы қажет. Біз өзіміздің тұрақтылық және келісім моделін дамытуда айтарлықтай табыстарға жеттік.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

ЭКСПО-2017


Маңғыстаулық ерікті жастар Астанада «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесінің сәтті өтуіне өз үлестерін қосып келді 

Осыдан тура 1 ай бұрын Маңғыстаудан 50 ерікті жас «ЕХРО-2017» Халықаралық көрмесіне келушілерге қызмет көрсетуге аттанған болатын. 

"Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының" тапсырмасымен "Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының" жанынан құрылған еріктілер тобының құрамында облысымыздың әр ауданынан іріктеліп алынған студенттер мен жас мамандар бар. Үлкен шарада қызмет көрсетуге үш тілді еркін меңгерген жастар іріктеп алынып, 1,5 жыл бойы арнайы дайындықтан өтті. 

Бүгін Астанадан оралған маңғыстаулық ерікті жастар өздерінің миссиясын абыроймен орындап келгендеріне риза екендіктерін айтып, жерлестерімен қуанышпен қауышты.

Астанада өткізген бір айдың ішінде маңғыстаулық ерікті жастар белсенділік танытты. Олар «ЕХРО-2017» Халықаралық көрмесіне келген шетелдік меймандарға сапалы қызмет көрсетіп, Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдар ішінде қол жеткізген табыстары мен жетістіктері жайлы әңгімеледі. 

Қазақ еліне тұңғыш рет келген шетелдіктерді халқымыздың бай мәдениеті, ұлттық салт-дәстүрі, тілі, ділі, рухани құндылықтарымен кеңінен таныстырды. Ұлан байтақ Қазақстан Республикасының табиғаты көркем, тұла бойы тарихқа толы жерлері туралы әңгімелеп, өзге елден келген қонақтарды елімізге турист ретінде келіп, қазақ халқының мәдениетімен, қонақжайлылық қасиетімен тереңірек танысуға шақырды. 

Қазақстанның әлемдік аренада абыройын арттыратын маңызды шара - «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің табысты өтуіне өз үлестерін қосқан маңғыстаулық ерікті жастар өздерінің осынау еліміз үшін маңызы зор шараға қатысқанын мақтан тұтады.  

Өйткені бұл – ең белсенді, білімді, жігерлі жастардың ғана қолынан келер абыройлы іс, жерлестері үшін мақтаныш, жастар үшін – үлкен мүмкіндік, жоғары жауапкершілік болғаны анық .

 

Басқарма басшысы
Руководитель
Нурдаулетов Амангали Сулейменович
Өмірбаян