Маңғыстау облысының жастар саясаты жөніндегі басқармасы
Ресми сайты

Біз қазақстандықтар - болашақтың біртұтас ұлтымыз. Осы сөз бәрін де айқындауы тиіс. Біз біртұтас халық болғандықтан этностар арасында ешқандай айырмашылық болмауы қажет. Біз өзіміздің тұрақтылық және келісім моделін дамытуда айтарлықтай табыстарға жеттік.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Жұмысшы жастар лагері


Ақтау қаласындағы «Балдәурен» базасында «Жас Отан» жастар қанаты Маңғыстау облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жастар Отанға» Маңғыстау облысы жұмысшы жастарының лагері өту жоспарланды. Лагерь 3 күнге созылып, оған облыс аумағындағы өндірістік мекемелер мен әр түрлі компаниялардың жас мамандары, жастар ұйымдарының өкілдері, жастар орталықтары мен жасотандықтардың белсенді құрамы, барлығы 70 жас қатыстырылады. Шара Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында өткізіліп, оған «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы, Маңғыстау облыстық білім басқармасы, облыстық кәсіподақтар орталығы қолдау көрсетіп отыр. 

Лагердің мақсаты: Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауында: «Мен сіздерге — жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер» деген үндеуін және биылғы «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұлттық кодты қалыптастыру мәселесін жастарға жеткізу. 

Одан басқа облыс көлемінде жастар саясатын одан әрі дамыту, өндіріс жастарына барынша қолдау көрсетіп, мемлекеттік бағдарламалар мен патриоттық бағыттағы іс – әрекеттермен ақпараттандыру. Жастардың ортасында нақты табысты жас қазақстандықтың кейпін құру. Жұмысшы жастарды қоғамдық өмірге тарту, қызығушылықтарын арттыру. 

Лагерь барысында жастар үшін жеке және кәсіби қасиеттерін дамытуға және жобалық қызметті үйренуге бағытталған тренингтерден тұратын бағдарлама қарастырылған. Сонымен қатар, бағдарлама футбол, волейбол сияқты спорттық ойындарынан, кездесулер мен сабақтардан тұрады. Ендеше қатысушы жастарға сәттілік тілейміз! 

 

#Маңғыстаужастары #ЖасОтан #ЖастарОтанға #Ақтау #Лагерь #Балдәурен #Жұмысшыжастар

 

Басқарма басшысы
Руководитель
Нурдаулетов Амангали Сулейменович
Өмірбаян