Маңғыстау облысының жастар саясаты жөніндегі басқармасы
Ресми сайты

Біз қазақстандықтар - болашақтың біртұтас ұлтымыз. Осы сөз бәрін де айқындауы тиіс. Біз біртұтас халық болғандықтан этностар арасында ешқандай айырмашылық болмауы қажет. Біз өзіміздің тұрақтылық және келісім моделін дамытуда айтарлықтай табыстарға жеттік.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Жастар күні


Бүгін Ақтауда қос мереке тойлануда

 

Бүгін облыс орталығында қос мереке қатар атап өтілуде: 12 тамыз – Халықаралық жастар күні және Каспий күні. Осы айтулы мерекеге орай Ақтауда түрлі мәдени және спорттық шаралар ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен меймандарының назарына ұсынылды.

12 тамыз – Халықаралық жастар күні болып БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының шешімімен 1999 жылдың 17 желтоқсанында бекітілген болатын. Ең алғаш рет Жастар күні 2000 жылдың 12 тамызында атап өтілді. 

Мерекелік шара ретінде Ақтау қаласының тұрғындарының арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды мақсат тұтқан веложарыс болып өтті. 4 шағын аудандағы «Каравелла» алаңынан басталған велошеру Ақтаудың орталық көшелерімен жүріп өтті.

Кешке теңіз жағалауындағы сахна төрінде мерекелік концерт ұйымдастырылып, бағдарламада жастар өнер көрсетті. Салтанатты жиынның басталуы кезінде құттықтау сөз сөйлеген Маңғыстау облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары Хажыгереев Мирлан Сақтағанұлы облыс жастарын бүгінгі мерекелерімен құттықтап, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында аянбай еңбек етуге, білім алып, қоғамның белсенді мүшесі болумен қатар, еліміздің экономикасының дамуына өз үлестерін қосуға шақырды.  

 Мерекелік шараның аясында Астанада өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне Маңғыстаудың атынан еріктілер ретінде барып, 1 ай бойына қызмет етумен өз үлестерін қосып қайтқан 50 ерікті жасқа Маңғыстау облысы әкімінің «Алғыс хаттары» табыс етілді. 

 Сонымен қатар, әрдайым қоғамдық істерде белсенділік танытып, өзгелерге үлгі болып жүрген бір топ белсенділер де марапатталды. 

 Салтанатты жиынның соңы мерекелік концертпен жалғасып, ол кейін теңіз жағалауындғы мерекелік отшашуға ұласты. 

 Халықаралық жастар күні мен Каспий күні құтты болсын!!!

Басқарма басшысы
Руководитель
Нурдаулетов Амангали Сулейменович
Өмірбаян