Маңғыстау облысының жастар саясаты жөніндегі басқармасы
Ресми сайты

Біз қазақстандықтар - болашақтың біртұтас ұлтымыз. Осы сөз бәрін де айқындауы тиіс. Біз біртұтас халық болғандықтан этностар арасында ешқандай айырмашылық болмауы қажет. Біз өзіміздің тұрақтылық және келісім моделін дамытуда айтарлықтай табыстарға жеттік.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Лагерь


Жастар еңбек пен спортты өзара қатар алып жүруге талпыныс жасады

 

 Ақтау қаласының «Жасыл ел» еңбек жасақтарының сарбаздары екінші еңбек маусымын аяқтау тұсындағы соңғы еңбек күндерін Каспий теңізінің жағалауында облыс орталығынан 45 шақырым жерде орналасқан «Балдәурен» лагерінің базасында өткізуде.

 Таңертеңмен лагерь базасына келіп жеткен жастар алдымен лагерь аумағында санитарлық тазарту жұмыстарын ұйымдастырып, төңіректі қураған шөптен тазартты. 

 Пайдалы еңбектен соң жас жеткіншектер спортттық жарыстарда өз күштерін сынауға бел буды.

Сөйтіп, жандарына спортты серік еткен жас өрендер төрт топқа бөлініп волейбол ойынынан өзара жарысқа түсті. Теңіз жағасында таза ауамен тыныстаған жасөспірімдер үшін еңбек пен спортты байланыстырудың маңызы зор болғаны сөзсіз. Өйткені, жұмыс істеу мен спорттық ойындар ойнау – олардың жігерін жанып, еңбекке деген құлшыныстарын арттыруға, өздерін ширақ сезінуге және ұжымдағы қарым-қатынастарын нығайтып, ауызбіршіліктері мен ынтымағын бекіте түсуге зор ықпал етті.

Басқарма басшысы
Руководитель
Нурдаулетов Амангали Сулейменович
Өмірбаян