Маңғыстау облысының жастар саясаты жөніндегі басқармасы
Ресми сайты

Біз қазақстандықтар - болашақтың біртұтас ұлтымыз. Осы сөз бәрін де айқындауы тиіс. Біз біртұтас халық болғандықтан этностар арасында ешқандай айырмашылық болмауы қажет. Біз өзіміздің тұрақтылық және келісім моделін дамытуда айтарлықтай табыстарға жеттік.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Маңғыстау облысында Жастар саясатының жүзеге асырылу бойынша ақпарат


 

Маңғыстау облысында Жастар саясатының жүзеге асырылу бойынша ақпарат

                                                                                                             19.08.2017ж.

 

Бүгінгі таңда облысымызда 14 пен 29 жас аралығында 162597 жастар бар, бұл жалпы облыс тұрғындарының 26% пайызын құрайды.  Қалаларда – 74 180, ауылдық жерлерде 88 417 жас тұрады.

Бүгінгі таңда облыс жастары тарапынан ұсынылған бастамалар қолдау тауып отыр деп айтуға толық негіз бар.

Мәселен, 2017 жылы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен барлығы 315 841000 теңге көлемінде қаражат бөлінді. (2016 293 537 000 жылы –теңге, 2015 жылы – 266 999 000 теңге, 2014 жылы – 214 916 000 теңге, бөлінген).

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жастар саясатын жүзеге асыруға облыстық бюджеттен 50 000 000 млн. көлемінде қаржы бөлініп, 12 жоба іске асырылып жатыр. (2016 жылы – 48,0 млн. теңге                      2015 жылы – 43,2 млн. теңге, 2014 жылы – 40,7 млн. теңге, бөлінген).

 

Қазіргі уақытта облысымызда 8 жастар ресурстық орталықтары жұмыс істейді. 1-облыстық, 2-қалалық және 5-аудандық. 
 

Орталықтың басты мақсаты - барлық жастарды топтастыру, олардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерінің шешілуіне жәрдемдесу, жастар арасындағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақтылығын сақтау үшін тиісті шараларды қабылдау болып табылады.

 

Облыста 30 жастар ұйымдары белсенді қызмет атқарады. Барлық жоғары және техникалық және кәсіптік оқу орындарында Жастар ісі жөніндегі Комитеттер (28) жұмыс жасайды. Оның қатарында – 3873 адам қатысуда.

 

2017 жылдың тамыз айының басына  жұмыспен қамту органдары арқылы 3284 жас жұмысқа орналасты. Тіркелген жұмыссыздар саны облыс бойынша жалпы – 4990 адамды құрады, оның ішінде тіркелген жастардың саны – 2230.

Анықтама (2016 жылы жұмыспен қамту органдары арқылы 5331 жас жұмысқа орналасты. Тіркелген жұмыссыздар жастар саны 1592 құрады).

 

Ағымдағы уақытта «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жұмысқа орналасқан мамандардың саны 413, ал несие алып, тұрғынүймен қамтылған мамандардың саны 197.

Анықтама: (2016 жылы «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша ауылдық елді мекендерге 721 жас маман жұмысқа орналасты, 249 жас несие алды).

 

«Жастар практикасы» жобасы бойынша уақытша жұмыс орындарына 844 жас орналасты, 1626 жас қоғамдық жұмыстарға жолданды.

Анықтама 2016 жылы («Жастар практикасы» жобасы бойынша уақытша жұмыс орындарына 1232 жас орналасты, 1852 жас қоғамдық жұмыстарға жолданды).

 

2017 жылы облыс аумағында «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жұмысын жүргізу мақсатында қалалармен аудандардан маусымдық кезеңде 1175 жасты жұмысқа тарту көзделіп отыр.

Анықтама: (2016 жылы, 931-жас қамтылды. 2015 жылы 1083-жас қамтылыды).

 

Жұмысқа орналастыру мәселесін шешудің тиімді жолдарының бірі бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру болып табылады                     2017 жылы 3 жәрмеңке өткізіліп, 570 астам жас қатысты. 2016 жылы облыс бойынша барлығы 47 жәрмеңке өткізіліп, 786 адам шараға қатысты.

 

2017 жылдың жарты жылдығы бойынша «Жаңа серпін» орталығы арқылы барлығы 105 адам оқытылды, оның 92-і жастар. Нәтижесінде орталық арқылы облыс бойынша 292 адам жұмысқа орналасты, оның 192-і жастар. Өндірістік мекемелерге мамандағы бойынша практикаға кеткен жастар саны – 131 адам.

Анықтама: (2016 жылы өңірлік «Жаңа серпін» орталығы арқылы барлығы 199 адам оқытылды, оның 149-ы жастар. Нәтижесінде орталық арқылы облыс бойынша 307 адам жұмысқа орналасты, оның  198-і жастар)

 

2017 жылдың 1 тоқсанына жалпы еңбек нарығында жастар жұмыссыздығының деңгейі 4,2% 2801 жасты құрап отыр.

Анықтама (2015 жыл басына 5,6% 3983 жас) болды.

 

 

2017 жылдың 7 айдың қортыныдысы бойынша жастар ресурстық орталықтары арқылы 1432 жасқа консультациялық көмек көрсетілді.

Анықтама (2016 жылы 3320 жас консультациялық көмек көрсетілді).

 

Облыста «Кәсіби бағдар» жобасы аясында ағымдағы уақыт бойынша облыс бойынша 18 кездесу өткізіліп, 1565 астам мектеп оқушыларына  өндірістік кәсіпорындар мен мекемелердің жұмыстары таныстырылды. Анықтама (2016 «Кәсіби бағдар» жобасы аясында Ақтау қаласының 16 мектебінен 500-н астам оқушы 15 өндірістік кәсіпорын мен мекеме жұмысымен таныстырылды).

 

Сонымен қатар 2016 жылдан бері облысымызда «Бастау Бизнес» жобасы жүзеге асырылуда.

2017 жылы «Бастау Бизнес» жобасы арқылы 45 жас  оқытылды. Олар Бейнеу (19 жас), Мұнайлы (8 жас), Маңғыстау (7 жас) және Қарақия (11 жас) аудандарынының жастары. 

Анықтама ретінде 2016 жылы жоба бойынша Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы аудандарының кәсіпке икемді  жастары оқытылды.

Жаңаөзен қаласында – 240 жас оқытылып, 45 млн. тг. қаражатты құрайтын 12 бизнес жобасы мақұлданды. Сонымен қоса үстіміздегі жылдың 2 тоқсанында 75 адамға арналған жұмыс орнын ашу жоспарлануда.  

Мұнайлы ауданында – 48 жас оқытылып, 30 млн.тг. қаражатты құрайтын 12 бизнес жобасы мақұлданды. 15 жұмыс орны ашылды.       

 

Өңірдегі жастарға байланысты өзекті мәселелерді талқылау және шешу мақсатында облыс, қала, аудан әкімдері жанында Жастар ісі жөніндегі Кеңестері жұмыс жасайды.

Сондай-ақ, өңірде 30 өндірістік мекемеде жастармен жұмыс жасайтын ұйымдар мен комитеттер қызмет атқарады. Оның қатарында – 2871жас мамандар жұмыс жасайды.

Облыс орталығы Ақтау қаласында күрделі жөндеуден кейін «Арман» жастар үйі қолданысқа берілді. Жастар үйінде жастарға арналған «Вокал», «Би», «Ән жазу» үйірмелері,  діни кеңес беру орталығы, «Рай» шұғыл әлеуметтік көмек көрсету орталығы, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының психолагтары қызмет атқарады және Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан ашылған «Жас Қанат» ұйымы, «Жасыл ел», «Жас Ұлан», «Ақтау студенттер Альянсы», «Қазақстан КВН Одағы» облыстық филиалы және т.б. жастар ұйымдары орналасты.

Сонымен қоса жергілікті құқық қорғау органдарымен бірлесе  жастар және жасөспірімдердің құқықбұзушылығын алдын алу мақсатында тиіст деңгейде жұмыстар атқарылуда.

Атап айтқанда, кәмелетке толмағандарға дер кезінде көмек көрсету мақсатында, облыстық ішкі істер органдарының жүйесінде 157 ювеналдық полиция қызметкерлері жұмыс істейді және 115 мектеп инспекторлары қызмет атқарады.

Мектептер жанында, ерікті топтардан құрылған полицияның жас көмекшілерінің қатысуымен 115 балалар қозғалысы ұйымдастырылды. Онда 761 мектеп оқушысы және 19 колледжден топтасқан 209 ерікті көмекшілер жұмыс істейді.

Ағымдағы уақыт  бойынша білім беру ұйымдарының өкілдері ата-аналар комитеттері мен біріге 943 астам рейдтік шаралар ұйымдастырылды, білім беру аумағында құқықбұзушылық анықталған жоқ. Мектеп есебінде тұрған 198-дан астам жасөспірімдер және 170-ге жуық бей-берекетсіз отбасылар тұрғылықты жерлері бойынша тексерілді.       

Анықтама: (2016 жылы білім беру ұйымдарының өкілдері ата-аналар комитеттері мен біріге 800 астам рейдтік шаралар ұйымдастырып, білім беру аумағында 80-ге жуық құқықбұзушылық анықталды. Мектеп есебінде тұрған 230-дан астам жасөспірімдер және 200-ге жуық бей-берекетсіз отбасылар тұрғылықты жерлері бойынша тексерілді).  

 

Сонымен қатар, 2016 жылы Ұлттық біріңғай тестілеуден өтпей қалған 564 мектеп түлектеріне Білім басқармасы, «Жас Отан» жастар қанаты, жастар ресурстық орталықтардың біріге ұйымдастыруымен 439 – жас жоғары оқу орындарына, 102 талапкер техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарына түсірілді. 9 – жас жұмысқа орналастырылды, 1 –жас  әскери қызметін өтеуге жіберілді.

Сонымен бірге ҰБТ 1765 түлек қатысудан бас тартқан. Атап айтқанда соның 361-жас өздерінің күшімен ЖОО түсіп, 282 жас шет елдеріне оқуға кеткен, 819-жас колледждерге түссе, 8-жас кәсіптерімен айналысуда, 9-жас әскери қызметін өтеуде, 193-і кешкі мектепті бітіргендер. Ал қалған 93 адамды қазіргі таңда сәтті қадам жобасы арқылы 31-і оқуға жіберілді, 45-і жұмысқа орналастырылды, қалған 17-сі өздерінің жеке кәсібімен айналысуда.

 Бүгінгі күні 2017 жылы ҰБТ өтпеген өңірдің 474 түлектеріне  мекенжайлық көмек көрсетілуде. Үстіміздегі жылдың 5 шілдесінде облыстық «Нұр Отан» партиясы филиалында партиялық «Сәтті қадам» жобасының үшінші бағыты бойынша бес жақты меморандумға қол қойылды, негізгі мақсаты –  Ұлттық біріңғай тестілеуден шектік балл жинай алмаған түлектерді одан әрі оқыту, жұмысқа орналастыру болып табылады.

Қазіргі уақытта еліміздің кейбір өңірлерінде кадрлар тапшы болып отыр. Осыған байланысты қажетті мамандықтарды анықтап, жастарға, болашақ маман иелеріне осы бағыттағы мәселені түсіндіру аса маңызды болып табылады.

2014 жылдан бастап Қазақстанда «Серпін-2050: жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып келеді.

«Серпін-2050» жарқын болашақ бағдарламасы. Бірегей бағдарлама мыңдаған жас қыздар мен жасөспірімдерге Еліміздің Батыс, Шығыс және Солтүстік аймақтарында жоғары оқу орындарында және  колледждерде сапалы білім алуға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның мақсаты – Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының жастарын оқытып, республикамыздың шығыс және солтүстік батыс аймақтарында қажетті мамандықтарға орналастыру.

2017 жылы аталмыш жоба арқылы облыстан 447 талапкер оқу грантына түсті.      

 

2014 жылдан бері Қазақстандағы ЮНИСЕФ жаһандық тәуелсіз талдау орталығы – Жастар саясаты мәселелерін зерттеумен айналысып келеді. Ондағы мақсат – жас адамдардың пікірлері мен басымдықтарын барынша дұрыс түсіну, оларды саясатты әзірлеуге интеграциялау, өңірлік және аудандық деңгейде жастар саясатын іске асырумен айналысатын адамдардың әлеуетін дамыту арқылы осы үдеріске қолдау көрсету және Қазақстандағы жасөспірімдер мен жас адамдардың өмірлерін жақсарту болып табылады.

ЮНИСЕФ Жастар ғылыми-зерттеу орталығымен және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісімен бірлесе отырып, жастардың басшылығымен жастарға бағытталған зерттеу жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың шілде айында қалалық және аудандық жастар ресурстық орталық қызметкерлерімен тренингтер мен фокус-группалар өткізілді. Онда жастар ресурстық орталықтарының барлық 60 қызметкері оқытылды. Ал 2017 жылы жастар ресурстық орталықтарының                      100 қызметкерлеріне тренингтер мен фокус-группалар өткізілді.

 

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы «SAMRUK-KAZYNA TRUST» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесе өңірімізде тың жобаны жүзеге асыруда.

Өздеріңізге белгілі, «SAMRUK-KAZYNA TRUST» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры Министрліктер мен мемлекеттік органдардың көмегімен әлеуметтік маңыздағы және өзекті мәселелерді шешуге бағытталған қайырымдылық жобаларын дайындайды.  Яғни, облысымызда әмбебап спорт және балалар алаңдарының құрылысы, аула клубтарын ашу және жабдықтау, жалпы білім беретін, музыкалық, көркем мектептерді спорттық құрылғылармен жабдықтау.

Атап айтқанда, қалалар мен аудандарда 12 спорттық алаңдар,             50 мектепке спорттық жабдықтар, 9 өнер мектебіне музыкалық аспаптар, 2 коррекциялық кабинет, аула клубтарды жабдықтау жұмыстары жүзеге асырылады.

Бұл бағытта аудандар мен қалалардағы әкімдіктер тарпанын жер бөлініп, спорттық алаңдарды салуға толық негіз бар деп санауға болады.

Мақсаты – әлеуметтік маңыздағы және өзекті мәселелерді шешуге бағытталған қайырымдылық жобаларын дайындайды. Яғни, облысымызда әмбебап спорт және балалар алаңдарының құрылысы, аула клубтарын ашу және жабдықтау, жалпы білім беретін, музыкалық, көркем мектептерді спорттық құрылғылармен жабдықтау.

 

2017 жылдың жарты жылдығы бойынша басқарма тарапынан облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бағытында жастар орталықтарымен және жастар ұйымдарымен бірнеше маңызды                      іс-шаралар ұйымдастырылды, Оның ішінде, Елбасының халыққа Жолдауын және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақсаласын насихаттауға арналған ақпараттық-насихаттық кездесулер «Студенттік көктем-2017» жастар фестивалі, «Amal talks», «Домбыра party», «Мейірімді жүрек» мүмкіндігі шектеулі (мүгедек) жастарға қайырымдылық акциясы», «Жайдарман ойындарының Маусымашар ойындары 2017», «Жастар – Отанға» жобасының аясында «25 – ізгілікті іс акциясы», «Лекториум – 2017» еркін форматтағы жастармен кездесулер, «Мен елімді сүйемін» республикалық телекөпір, «Дін және жастар» атты тақырыбында жастармен кездесулер, «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі, «Маңғыстау-Ханшайымы – 2017» байқауы, «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» атты студент жастармен кездесу, «Сенбілік» акциялары, «Интеллект – 2017» зияткерлік сайысы, «Өз мамандығыңды таңда» атты мекеме басшыларының жастармен кездесу шарасы, «Ардагерлерді ардақтайық» жастар акциясы.

Жалпы алғанда 210-ге жуық түрлі іс-шаралар (дөңгелек үстелдер, акциялар, сенбіліктер, семинарлар және т.б.) өткізілді.

 

Еліміздегі және өңірімізде болып жатқан қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына бей – жай қарамай, заңнамалық, экономикалық, қоғамдық-мәдени процесттерді облыс тұрғындарына дұрыс жеткізу мақсатында әлеуметтік желілер арқылы жастар белсенділері түсіндірмелі-насихат жұмыстарын жүргізіп келеді.

Осы бағытта 2017 жылы өңірдегі жастар ресурстық орталықтарының бастамсымен өңірде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында атқарылған жұмыстарды және ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілген іс-шаралар БАҚ, жергілікті «Қазақстан-Ақтау» телеарналарында және «Тумба», «Лада», «Огни Мангистау» басылымдарында және әлеуметтік желілер                      (Тwitter, Vkontakte, Facebook, Instagram) арқылы ақпараттар тұрақты жарияланды. Қазіргі таңда жастардың әлеуметтік желілерінде 69216 оқырмандар (подписчик) тіркелген.

Сонымен қоса жастардың әлеуметтену бағытында мемлекет тарапынан қабылданып жатырған жобалар мен бағдарламалар да БАҚ арқылы тұрақты жарияланып насихатталады.

Ағымдағы уақытта жастар саясаты басқармасы мен өңірдегі жастар ресурстық орталықтарының бастамасымен ағымдағы жылдың                          2 тоқсанына БАҚ (теледидар, газет, радио, интерент ресурстар) арқылы 413 астам материалдар жарыққа шықты.

 

 

Басқарма басшысы
Руководитель
Нурдаулетов Амангали Сулейменович
Өмірбаян