Маңғыстау облысының жастар саясаты жөніндегі басқармасы
Ресми сайты

Біз қазақстандықтар - болашақтың біртұтас ұлтымыз. Осы сөз бәрін де айқындауы тиіс. Біз біртұтас халық болғандықтан этностар арасында ешқандай айырмашылық болмауы қажет. Біз өзіміздің тұрақтылық және келісім моделін дамытуда айтарлықтай табыстарға жеттік.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

"Келешек жастар қанаты" футбол


18-19 аралығында Ақтауда «Келешек жастар қанатының» ұымдастыруымен Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы төрағасының кубогы сарапқа салынған шағын футболдан турнир өтті. Оған облыстағы кәсіподақтар ұйымының мүшелері белсене қатысып, жүлделі орын үшін тартысты ойын үлгісін көрсетті.

Конституция күніне орай өткен спорттық бәсекені облыстық кәсіподақ орталығы мен «Келешек» жастар қанаты ұйымдастырды. Шараның ашылу салтанатына облыстық кәсіподақ орталығының төрағасы Қайрат Жанабеков, Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының орынбасары Мирлан Сақтағанұлы және аймақтың кәсіподақтар ұйымдарының жетекшілері қатысып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі. Шағын футболдан өткен турнирге өңірдегі ірі өндіріс мекемелерінен, облыстық денсаулық сақтау, білім беру және байланыс саласының жұмысшы жастарынан құрылған 17 команда қатысты. Екі күнге жоспарланған жарыстың қорытындысында үздік ойын көрсетіп, қарсыластарының барлығын ойсырата ұтқан «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС командасы үздік танылып, жарыс жеңімпазы атанды. Жарысты ұйымдастырушылар атынан жеңімпаз командаға 100 мың теңге ақшалай сыйлық табысталды. Екінші орынды «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ командасы місе тұтты (70 мың теңге). Үшінші орынға «ОСК» командасы командасы тұрақтады (50 мың теңге). Турнир қорытындысы бойынша өз командаларының намысын қорғап, шебер ойын көрсеткен жекелеген футболшылар да марапаттан тыс қалған жоқ. «Үздік ойыншы» аталымымен «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС командасының ойыншысыВиктор Семёнов және «Үздік қақпашы» аталымымен «ОСК» командасының қақпашысы Жандос Қашқынбаев марапатталды. Одан бөлек, облыстық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының филиалы «Жеңіске деген жігері үшін» арнайы сыйлығын медицина саласы қызметкерлерінің құрама командасына табыстады. Команда құрамында Жаңаөзен қалалық жедел жәрдем стансасы, Жаңаөзен орталық қалалық ауруханасы мен №2 Жаңаөзен қалалық емханасы да өнер көрсеткен болатын.

 

 

Басқарма басшысы
Руководитель
Нурдаулетов Амангали Сулейменович
Өмірбаян