Маңғыстау облысының жастар саясаты жөніндегі басқармасы
Ресми сайты

Біз қазақстандықтар - болашақтың біртұтас ұлтымыз. Осы сөз бәрін де айқындауы тиіс. Біз біртұтас халық болғандықтан этностар арасында ешқандай айырмашылық болмауы қажет. Біз өзіміздің тұрақтылық және келісім моделін дамытуда айтарлықтай табыстарға жеттік.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

"Жастар - Отанға" лагері


«Жастар - Отанға!» Маңғыстау облысы жұмысшы жастарының лагері өз жұмысын бастады

 

Бүгін 19 тамыз күні Ақтау қаласынан 45 шақырым қашықтықта орналасқан «Балдәурен» лагерінің базасында «Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында өткізіліп, оған «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы, облыстық кәсіподақтар Орталығы қолдау көрсетіп отыр.

 Лагерьдің жұмысы 3 күнге созылады. Оған облыс аумағындағы өндірістік мекемелер мен түрлі компаниялардың жас мамандары, жастар ұйымдарының өкілдері, жастар орталықтары мен жасотандықтардың белсенді құрамы, барлығы - 70 жас жұмылдырылды.

Лагерьді ұйымдастырудағы мақсат - Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауындағы: «Мен сіздерге - жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер» деген үндеуін және биылғы «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұлттық кодты қалыптастыру мәселесін жастарға жеткізу. 

Сонымен қатар, облыс көлемінде жастар саясатын одан әрі дамыту, өндірісте еңбек ететін жастарға барынша қолдау көрсетіп, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру және патриоттық бағыттағы іс – шараларға белсене қатысуға ынталандыру. Жастардың ортасында заманға лайық табысты жас қазақстандықтың бейнесін қалыптастыру. Жұмысшы жастарды қоғам өміріне белсене араласуға тарту, қызығушылықтарын арттыру.

Лагерь жұмысының бағдарламасында жастар үшін жеке және кәсіби қабілеттерін дамытуға және жобаларды жүзеге асыруды үйренуге бағытталған тренингтер қарастырылған. Сонымен қатар, бағдарлама футбол, волейбол сияқты спорттық сайыстардан, кездесулер мен дәрістерден тұрады.

Лагерь күндері жастар облыс басшыларымен, «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының жетекшілерімен, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Сүндетбаев Даниярмен кездеседі.

Шара қорытындысында лагерь жұмысына қатысқан жастар арнайы сертификаттармен марапатталады.

 

Басқарма басшысы
Руководитель
Нурдаулетов Амангали Сулейменович
Өмірбаян