Маңғыстау облысының жастар саясаты жөніндегі басқармасы
Ресми сайты

Біз қазақстандықтар - болашақтың біртұтас ұлтымыз. Осы сөз бәрін де айқындауы тиіс. Біз біртұтас халық болғандықтан этностар арасында ешқандай айырмашылық болмауы қажет. Біз өзіміздің тұрақтылық және келісім моделін дамытуда айтарлықтай табыстарға жеттік.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Аймақтың жұмысшы жастарының лагерінде жастар Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарымен кездесті


Аймақтың жұмысшы жастарының лагерінде жастар Маңғыстау облысы әкімінің орынбасарымен кездесті

 

 «Балдәурен» лагерінің базасында «Маңғыстау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының» ұйымдастыруымен «Жастар – Отанға!» Маңғыстау облысы жұмысшы жастарының лагері үш күн бойы жұмыс жасауда.

 Кеше 20 тамызда лагерьдегі жас мамандармен жақында тағайындалған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Мақсат Нұрлыбекұлы Сқақов кездесті. 

Жастарға өмірден нақты мысалдар келтірумен ұлттық құндылықтар, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеу, елге, ұлтқа қызмет ету, заман талабына сай рухани жаңғыру жолында ұстанар бағыттар туралы әңгімелеген Мақсат Нұрлыбекұлының сөздерін жастар ұйып тыңдады. 

М.Сқақов жастарға өз тәжірибесімен бөлісе отырып, ел дамуына үлес қосудың маңыздылығы, әрбір жастың белсенділігі арқасында қоғамның ілгерілеуі жолында атқарылар істер, қойылар міндеттер туралы әсерлі әңгімеледі. Жастар облыс әкімінің орынбасарына өз ұсыныстары мен жобаларын ұсынып, алдағы уақытта лагерь жұмысын кең ауқымда өрістету туралы пікірлерін білдірді. Мақсат Нұрлыбекұлы жастардың тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, ұсыныстар мен жобаларын қолдауға әркез дайын екенін жеткізді. 

Кездесу еркін форматта, ашық әңгімелесу түрінде өтті.

#Кездесу #Маңғыстаужастары #Жастаротанға #ЖасОтан #Жастарбасқармасы #Лагерь #Жұмысшыжастар #Балдәурен

 

Басқарма басшысы
Руководитель
Нурдаулетов Амангали Сулейменович
Өмірбаян