Маңғыстау облысының жастар саясаты жөніндегі басқармасы
Ресми сайты

Біз қазақстандықтар - болашақтың біртұтас ұлтымыз. Осы сөз бәрін де айқындауы тиіс. Біз біртұтас халық болғандықтан этностар арасында ешқандай айырмашылық болмауы қажет. Біз өзіміздің тұрақтылық және келісім моделін дамытуда айтарлықтай табыстарға жеттік.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Ақтауда Каспий жағалау елдері жас көшбасшыларының І халықаралық форумы өтті


Ауқымды шараға қатысқан шетелдік меймандар Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен танысып, зор қызығушылық танытты.
 Бес мемлекеттің белсенді жастары өзара байланысты арттыру мақсатында бірқатар жобаны жүзеге асыруға уағдаласты. Олар келешекте Түркі академиясымен бірлесе ашылатын лагерьде қазақ тілін үйренбекші. Каспий маңы елдері жастарының Ақтауда бас қосуына Нұрсұлтан Назарбаевтың Әзербайжанға жұмыс сапарында берген тапсырмасы негіз болды. Өткен сенбіден бастау алған шараның барлық кезеңінде Елбасы мақаласы кеңінен насихатталды.  

  «Адам санасын жаңғыртуға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыты ұнады. Өткенсіз келешек жоқ. Жастар тарихын, дәстүрін жаңғырту арқылы болашаққа қадам басады. Елінің тау-тасын таниды. Туған жерінің дамуына күш салады. Бұл бағдарлама елінің дамуына атсалысатын жастарға жол көрсететін бағдаршам іспеттес», - дейді Әзербайжаннан келген Алекпер Мұстафаев.

 Бауырлас елдердің ұландары бас қосқан жиында жастар саясаты мәселелерінің түйінді тұстары талқыланды. Сондай-ақ әлемдік деңгейдегі іс-шаралар өткізуде жинақтаған тәжірибелері ортаға салынды. Қазақ-Әзербайжан жастарының екіжақты әріптестік меморандумға қол қоюы форум маңыздылығын арттыра түсті. Форумға қатысушылар қала күніне орай өткен «Ақтау - арман қала» атты жас ақындар айтысын тамашалап, қазақтың ақындық өнерімен етене танысты. Ал сенбі-жексенбі күндері «Отпан тау» тарихи-мәдени кешеніне зиярат құрып, аймақ басшысының кубогына арналған халықаралық панкратионда жерлестеріне жанкүйер болды.

 Сонымен 15 қыркүйекте еліміздің барлық өңірінде бастау алған «Рухани жаңғыру» жалпыреспубликалық жастар акциясы Каспий жағасында қорытындыланды. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын қолдау және қоғамдық сананы жаңғырту үрдісіне жастарды белсенді түрде жұмылдыруға шақырған акция төрт бағытты қамтыды.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры Ғабидолла Оспанқұловтың айтуынша,  басты мақсат - қазақ салт-дәстүрін, тарихқа деген құрметін көрсету. "Білім» деген сайыста олар өздерінің «Рухани жаңғырудың» идеяларын қаншалықты түсінетіндігін викториналар өткізу арқылы білдірді. «Тағзым» туралы бағытта біздің рухани және мәдени, тарихи ошақтарымызға барып, тазалық жұмыстарын жүргізді. «Асар» акциясында олар аз қамтылған отбасыларға барып, түрлі көмек көрсету сияқты істерімен үлес қосты".

 Жаһан жастарының форумы мен қала күнін қамтыған іс-шаралар тізімін «Gakku дауысы» музыкалық фестивалі түйіндеді. Теңіз жағасына серуенге шыққан көпшілік қазақтың танымал әншілерінің өнерін жанды дауыста тыңдап, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты. 

Басқарма басшысы
Руководитель
Нурдаулетов Амангали Сулейменович
Өмірбаян